aspan

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Шымкент қаласында тағы 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Салтанатты рәсім «Көрме» орталығында өтіп, оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Қала әкімі қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындарды құттықтап, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ, тұрғындарды қолдауға және олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған баспана бағдарламаларын іске асыру жұмысының маңызын атап өтті.
Айта кетейік, баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында берілді. Жаңа пәтерлер Бозарық шағынауданында орналасқан. Пәтер иелерінің қатарында көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар.
Қалада тұрғындардың баспана мәселесін шешу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жүйелі жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік бағдарламалар мен Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жалғасуда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қайрат Сәтжанов: Құрлықтық додадан құр қол қайтпаймыз

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Aspan info

ИНТИМДІК ФОТОМЕН БОПСАЛАП, 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТАЛАП ЕТКЕН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз