aspan

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ҚОРЫ ҚҰРЫЛТАЙШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

🟦Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті.

🟦Мемлекет басшысы Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан көшбасшыларына саммитке қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

– Бүгінгі кездесу өңірді орнықты дамыту қағидаттарына, прагматикалық және өзара келісілген экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге бейіл екенімізді растайды. Осы жиында Қордың даму перспективасын талқылап, Арал теңізі бассейнінің экожүйесін сақтауды көздейтін ортақ шешімдерді айқындаймыз. Бұл кең ауқымдағы халықаралық мәселе болғандықтан, біздің жұмысымызға көптеген мемлекеттер, халықаралық ұйымдар назар аударып отыр. Аралды құтқару мәселесі көп жылдар бойы аймақта да, әлемде де айтылып келеді. Өңірдің тұрақтылығын қамтамасыз ету және өркендету – ортақ әрі қол жеткізуге болатын міндет. Аталған басқосу ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беріп, аймақ мемлекеттеріне пайдасын тигізеді деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АСТАНАДА БАСТЫҒЫН СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, ТҰНШЫҚТЫРҒАН ПОЛИЦЕЙ СОТТАЛДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ЕКІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

ТАРАЗДА ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗБАҒАН БІРНЕШЕ ЖҮРГІЗУШІ ЗАҢСЫЗ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕП КЕЛГЕН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз