aspan

ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласында монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылуда. Жылдың алғашқы жартыжылдығында департамент тарапынан нарық субъектілерінің әрекеттеріне қатысты бірнеше тексеру және алдын алу шаралары қолға алынған.
Қазіргі таңда «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының Шымкент өндірістік филиалына қатысты тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу барысында тұтынушыларға тұрмыстық газды пайдалану қағидаларын бұзды деген негізде актілер толтыру және қайта есептеу жүргізу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері қарастырылуда. Аталған іс өндірісте жатыр.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде жалған жарнамалық бейнероликтер жариялап, өз тауарларын өзге нарық субъектілерінің өнімдерімен орынсыз салыстырды деген күдікпен «ASSAD GROUP» жеке кәсіпкерінің әрекеттері де тексерілуде.
Монополияға қарсы орган жыл басынан бері заң бұзушылық белгілеріне байланысты төрт хабарлама шығарған. Олардың басым бөлігі коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардың әрекеттеріне қатысты болған. Мәселен, «Су ресурстары – маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұтынушыларға заңнамада көзделмеген қосымша талаптар қойғаны анықталған. Ал «Газ Продукт-ТОВДГО» серіктестігі көрсетілмеген қызмет үшін төлем талап ету фактісі бойынша назарға ілінді.
Департамент мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы алты айында азаматтардан барлығы 328 өтініш түскен. Оның 184-і қаралып, 33-і қаралу үстінде болса, 111 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданған. Есепті кезеңде мерзімі өтіп кеткен өтініштер тіркелмеген.
Мамандар тұтынушылардың құқықтарын қорғау және монополиялық әрекеттердің алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Егер тұрғындар коммуналдық немесе өзге де қызметтер бойынша көрсетілмеген қызмет үшін төлем талап ету секілді заңсыз әрекеттерге тап болса, монополияға қарсы органға жүгінуге құқылы.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы — Ернар Тұрдалыұлы Қосбаев мәлімдеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАНДАРЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА КӨШ БАСТАДЫ

Aspan info

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА ПРИНЯЛ МИНИСТРА НАУКИ И ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ САЯСАТА НУРБЕКА

Aspan info

ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРЫП, ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨМІР САПАСЫ АРТУДА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз