aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ СЛОВЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТІ НАТАША ПИРЦ-МУСАРҒА ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның Мемлекеттілік күнімен құттықтап, екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастықтың алдағы уақытта да қарқынды дамитынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Словения арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығаюы халықтардың игілігіне қызмет ететінін атап өтті. Сондай-ақ, қос мемлекет арасындағы серіктестік жаңа деңгейге көтеріліп, өзара түсіністік пен сенімге негізделген қарым-қатынастың одан әрі беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусардың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Словения халқына бақ-береке, өсіп-өркендеу және тұрақты даму тіледі. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық байланыстардың болашақта да жемісті жалғасын табатынына сенім білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ КҮН: ШЫМКЕНТ АСПАНЫН БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ КӨРКЕЙТТІ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АЙРЫҚША МӘН БЕРЕДІ»

Aspan info

ГОСУСЛУГИ 24/7: КАЗАХСТАН НАМЕРЕН ВЫСТРОИТЬ АРХИТЕКТУРУ ЦИФРОВОГО ГОСУДАРСТВА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз