aspan

ТРАМП ТЕГЕРАНҒА «АСА КҮШТІ СОҚҚЫ» ЖАСАЛУЫ МҮМКІН ЕКЕНІН ЕСКЕРТТІ

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Америка халқына телевизиялық үндеу жасап, бір айдан астам уақыт бұрын басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы қашан аяқталатыны туралы нақты жауап бермеді.

Трамп тек әскери әрекеттердің аяқталуға жақын екенін тағы да қайталап, Тегеранға «аса күшті соққы» жасалуы мүмкін екенін ескертті.

Оның айтуынша, америкалық әскери күштер Иранға қарсы соғыста алдарына қойылған міндеттерді іс жүзінде орындап қойған және қақтығыс жақын арада аяқталады.

«Біз бұл істі аяқтамақпыз және ол өте тез жүзеге аспақ. Мақсатымызға өте жақынбыз», — деді Трамп.

Сондай-ақ АҚШ президенті Америка Иранның әскери-теңіз және әскери-әуе күштерін жойып, баллистикалық зымыран бағдарламасы мен ядролық қаруын тұралатқанын тағы да мәлімдеді. Оның сөзінше, соққылар алдағы екі-үш апта бойы жалғасады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАНДАЙ ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР ЖАБЫЛАДЫ?

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ГРУЗИЯНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ГЕЛА ГЕЛАДЗЕНІ ҚАБЫЛДАДЫ

Aspan info

“ХАТ ЖАЗЫП КЕТКЕН”: АЛМАТЫДА 16 ЖАСТАҒЫ ЖАСӨСПІРІМ ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз