aspan Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Спорт Шымкент

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

Шымкентте қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту және велоспортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Шымкент веломарафоны» ұйымдастырылды.

Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болған шараның ашылу салтанаты «Тәуелсіздік» саябағында өтті. Одан кейін 350-ге жуық қатысушы 20 шақырымдық қашықтықты бағындыру үшін Ипподромға қарай жолға шықты.

Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған веломарафонға әртүрлі жастағы қала тұрғындары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов қатысушыларға сәттілік тілеп, веломарафонның ауқымы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын, қалада велоспортты бұқаралық деңгейде дамытуға басымдық беріліп отырғанын жеткізді.

Жарысқа қатысқан жас велошабандоздардың бірі – 14 жастағы Арман Диасұлы. Ол «Шымкент веломарафонына» биыл екінші рет қатысып, бұл жолы да 20 шақырымдық қашықтықты еңсеруге ниетті екенін айтты.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР МЕЗЕТТЕ 50 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

Aspan info

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА АЯҚ ЖОЛДАР МЕН ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛДЕРІ САЛЫНАДЫ

Пікір қалдырыңыз