aspan

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРТЫЛУДА

Шымкент қаласында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері жүйелі түрде жаңартылып жатыр. Негізгі мақсат – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру және жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру.
Осыған байланысты қала көшелерінде жаяу жүргіншілер өткелдерінің жолақтары қайта сызылуда. Жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеу үшін түнгі уақытта жүргізіліп, таңға дейін аяқталады.
Қазіргі таңда жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылған көшелер мен жол қиылыстары:
• Байтұрсынов – Рысқұлов көшелерінің оң жақ өткелі;
• Байтұрсынов көшесі;
• Жангелдин – Қалдаяқов көшелерінің қиылысы;
• Тәуке хан – Байтұрсынов көшелерінің қиылысы;
• Асқаров көшесі;
• Рысқұлов көшесі («Мәди» аялдамасы маңы);
• Асқаров көшесі.
Сонымен қатар, елді мекендердің ішкі орам көшелерінде жол қозғалысын реттеу және қауіпсіздікті арттыру мақсатында басымдық белгілері орнатылуда. Бұл шаралар көлік ағынын тиімді ұйымдастыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Бұдан бөлек, жолдардағы шұңқырларды жамау қолға алынған. Қазіргі таңда Қайтпас және Таскен шағынаудандарында бүлінген жол учаскелері анықталып, қалпына келтірілуде.
Жоспарға сәйкес, аталған жұмыстар алдағы уақытта қаланың өзге де көшелері мен шағынаудандарында кезең-кезеңімен жалғасады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛМАҒАН БАЛАЛАР УАҚЫТША САБАҚТАН ШЕТТЕТІЛУІ МҮМКІН

Aspan info

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады

Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз