aspan

КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Шымкент қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – балаларға қолайлы, қауіпсіз әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыру.
Бүгінде жаңа үлгідегі мектептер оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын инновациялық кеңістікке айналып келеді. Заманауи технологиялармен жабдықталған сыныптар, интерактивті құралдар, жайлы оқу кабинеттері – мұның барлығы білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдар.
Жаңа мектептерде тек білім беру емес, сонымен қатар оқушының шығармашылық, зияткерлік және әлеуметтік қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қауіпсіздік талаптары толық сақталған, оқушыларға ыңғайлы инфрақұрылым қалыптастырылған білім ордалары – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына берік негіз болмақ.
«Келешек мектептері» – бұл тек ғимарат емес, бұл – жаңа мүмкіндіктер алаңы, жаңа буынның сапалы білім алуына арналған заманауи орта.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІНДЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Aspan info

ТАЯУ ШЫҒЫСТАН 7300-ДЕН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Aspan info

ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ШЫМКЕНТТІК МАМАНДАРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз