aspan

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРОРЫ БЕРІК АСЫЛОВ МАКАОҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ.

Сапар барысында қазақстандық қадағалау органының басшысы мен Макаоның Әкімшілік және әділет мәселелері жөніндегі хатшысы Вонг Сио Чак жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстап беру; қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек; және сотталған адамдарды беру туралы мемлекетаралық үш келісімге қол қойды.
Жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісім бір юрисдикция аумағында қылмыс жасап, екінші тарап аумағында жасырынып жүрген адамдарды экстрадициялаудың құқықтық тетігін орнатады.
Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт Қазақстан мен Макаоның құқық қорғау органдарының қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдеуге бағытталған процестік әрекеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салу және оны тәркілеу шараларын қабылдау кезіндегі өзара іс-қимылының халықаралық-құқықтық негізін қалыптастырады.
Сотталған адамдарды беру туралы келісім шетелде қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталған тараптар азаматтарына шетел соттары тағайындаған жазаны өз азаматтығы тиесілі аумағында өтеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Б.Асылов Макаоның Бас прокуроры Тонг Хио Фонгпен кездесіп, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық қылмыс түрлеріне қарсы бірлескен іс-қимыл, инвестицияларды қорғау және тарту, қылмыстық жолмен алынған активтерді іздестіру және қайтару мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты тереңдету, жедел ақпарат алмасу бойынша алдағы қадамдарды айқындап, өзара қызығушылық тудыратын өзге де құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға уағдаласты.
Айта кету қажет, Азиядағы негізгі қаржы орталықтарының бірі болып табылатын Макаомен халықаралық ынтымақтастықты орнату Қазақстан Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде мүмкін болды

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ТУРИСТІК ЖАҢА БАҒЫТТАР: ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТ АЙҚЫНДАҒАН МІНДЕТТЕР АЯСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТЫП КЕЛЕДІ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАНДА 31 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПОТЕКА ПАЙЫЗЫН ТӨЛЕУГЕ ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз