aspan

КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚ ӘНДЕРІН ҚОРЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ҮСТІНЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Оқиға өткен жылдың соңында қаладағы шаштараздардың бірінде болған. Салон қызметкерлерінің арасында залда қойылатын әндерге байланысты мәселе туындаған.

Алмагүл Әлиеваның айтуынша, мекемеде тек орыс, түрік және грузин тіліндегі әндер қосылып жүрген, ал қазақ тіліндегі әндерге орын берілмеген.

«Мен қазақша ән қосу үшін пультке бардым. Әріптесім: «Жоқ, қажеті жоқ, біз мұндайды тыңдамаймыз» деді. Дегенмен мен қосып, кетіп қалдым. Клиенттерім кеткен соң, әнді неге өшіріп тастағанын сұрадым. Ол: «Мен саған айттым ғой, біз мұндайды тыңдамаймыз. Мұны кім тыңдайды?» деді», – дейді әйел.

Оқиғадан кейін Әлиева полицияға арыз жазған.

Қазақ әндерін балағаттаған әйелге қатысты “әлеуметтік, ұлттық, туыстық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру” дерегі бойынша тергеу басталған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИНТИМДІК ФОТОМЕН БОПСАЛАП, 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТАЛАП ЕТКЕН

Aspan info

ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

РЕФЕРЕНДУМ ӨТУІ ҮШІН САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАНШАСЫ ДАУЫС БЕРУГЕ ТИІС

Aspan info

Пікір қалдырыңыз