aspan Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Саясат Технология Түркістан

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚАЗАҚСТАНДА EGOV GPT АРҚЫЛЫ 150-ГЕ ДЕЙІН ҚЫЗМЕТТІ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде QazTech платформасы мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесінің негізіне айналды.

Цифрлық жүйелерді көшіру бойынша биылғы жоспар 92%-ға орындалды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
«“Әлеуметтік әмиян” проактивті әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, 3 млн пайдаланушыны қамтиды. e-Otinish-тегі жасанды интеллект көмегімен 3,2 млн-нан астам өтініш өңделді. eGov GPT арқылы 51 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін жалпы трафиктің 80%-ын құрайтын ең сұранысқа ие 150 қызмет қамтылады. 2028 жылға қарай жасанды интеллект негізіндегі қызметтердің үлесін 40%-ға жеткізу, ал 2029 жылға қарай қызмет алу уақытын екі есе қысқарту көзделген»,— деді Жаслан Мәдиев.
Вице-премьердің айтуынша, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын цифрлық кеңселерге трансформациялау жүргізілуде. Жаңа халықтың цифрлық кеңселерінде азаматтар қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы өз бетінше ала алады. Қазір 4 өңірде 5 цифрлық кеңсе ашылды. Тағы 10 өңірде қаржыландыру мәселесі шешілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Көк-Жайлауға үлкен қар көшкіні түсті: желіде видео пайда болды

ТҮРКІСТАНДА «NAURIZ BIG FEST» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛЕНДІРУДІ ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАРҒА КӨШІРУДЕ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз