aspan

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАНЫ ҚАҒЫП ӨЛТІРГЕН ӘЙЕЛГЕ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Көкшетауда жалғызбасты ананың өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасы бойынша сот үкімі жарияланды. Қайғылы жағдай биыл мамыр айында тұрғын үй ауласында болған.

Тергеу материалдарына сәйкес, әйел адам көлікпен аулаға бұрылып келе жатқан кезде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, сол күні күйеуінің денсаулығы сыр беріп, рөлге өзі отырған. Алайда әйелдің көлік жүргізуге құқығы болмаған, яғни жүргізуші куәлігін алмағаны анықталды.

Сот шешімімен ол 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Дегенмен сотталушының кәмелетке толмаған екі баласы бар екенін ескеріп, жазаны өтеуді үш жылға кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, ол әзірге түзеу мекемесіне жіберілмейді.

Сонымен қатар, аталған оқиғаға байланысты сотталушының күйеуіне қатысты да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар оның әрекетіне құқықтық баға бермек.

Оқиға қоғамда жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарудың жауапкершілігі мен жол қауіпсіздігі мәселесін қайта көтерді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БҚО-ДА АЛАЯҚТЫҚ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН ҚАРАЖАТТЫ ДРОППЕРЛЕР АРҚЫЛЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРУ СХЕМАСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Aspan info

ҰҚК ҚЫЛМЫС ӘЛЕМІНІҢ СЕРКЕСІ: «КРОПАЛЬ» ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫС ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ДЕГЕН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Aspan info

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІН ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз