aspan

«ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

2026 жылғы 15–22 ақпан аралығында Шымкент қаласы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық жанжалдардың жолын кесу, құқық бұзушылықтарға бейім тұлғаларды анықтап, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексеріп, қорғау нұсқамаларының сақталуын бақылауда, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуде.
Өткізіліп жатқан акциялар мен іс-шаралар қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кез келген қудалау мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған.

Шымкент ҚПД Абай АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКБ

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

21 МАМЫР – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖАПОНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ САНАЭ ТАКАИЧИДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Aspan info

Кәсіпкерлерге субсидия қаржысы тиісті мөлшерде аударылады

Пікір қалдырыңыз