aspan Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында республикалық жұмыс тобы Түркістан облысына келді. Жұмыс тобының құрамында ҚР Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев және Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков бар.

Сапар аясында делегация мүшелері Кентау қаласы тұрғындарымен, өндіріс және энергетика саласының қызметкерлерімен кездесті.
Алғашқы кездесу Кентау қаласы әкімдігінің ғимаратында өтті. Жиынды қала әкімі Жандос Тасов жүргізіп, республикалық жұмыс тобының мүшелерін шаһар тұрғындарына таныстырды. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген ел экономикасын жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, цифрлық экономиканы дамыту, инвестиция тарту, халықтың әл-ауқатын арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды. Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев электр энергетикасы саласын дамыту, еліміздің энергетикалық әлеуетін нығайту және электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерге тоқталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыспен қамту, халықтың табысын арттыру, еңбек нарығын дамыту және әлеуметтік қолдау мәселелерін түсіндірді. Ал Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және цифрлық экономиканы қалыптастыру бағытындағы басымдықтарды баяндады. Кездесуге Кентау қаласының 150-ге жуық тұрғыны қатысты. Сонымен қатар, қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Мұхтар Молжігітов пен қалалық Қоғамдық келісім мекемесінің басшысы Бақытжан Аширбаев пікір білдірді.
Бұдан кейін республикалық жұмыс тобы Кентау қаласындағы
№5 жылу электр орталығына барды. Онда жұмысшы топ өкілдері кәсіпорынның жұмысымен танысып, ұжыммен кездесті. Кәсіпорын 1952 жылы пайдалануға берілген. Нысанның негізгі қызметі – электр және жылу энергиясын өндіру. Кәсіпорында қазіргі таңда 241 қызметкер еңбек етеді. Кездесу барысында энергетика саласын жаңғырту, өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сала мамандарының еңбек жағдайлары мәселелері сөз болды. Вице-министрлер Жолдауда айқындалған міндеттерге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Абай облысындағы орман өртіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

«МҰНДА ТҰРУ ҚАУІПТІ»: ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАТАҚХАНА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЫЛУСЫЗ ЖӘНЕ ҒИМАРАТТЫҢ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ШАҒЫМДАНДЫ

Aspan info

В ШЫМКЕНТЕ ПОЛУЧИЛИ ПЕРВЫЙ УРОЖАЙ ТОМАТОВ В ТЕПЛИЧНОМ КОМПЛЕКСЕ «ALSERA KZ»

Пікір қалдырыңыз