aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНҒА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық жұмыс тобы Түркістан облысына келді.

Республикалық топ құрамында ҚР Құрылтайының депутаты Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Абдулла Исматуллаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова және ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев бар. Жұмыс сапары аясында республикалық жұмыс тобы Түркістан қаласындағы бірқатар әлеуметтік және қоғамдық нысандарға барып, азаматтық қоғам өкілдерімен, ғылыми қауымдастықпен, студенттермен, қала тұрғындарымен және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Алғашқы кездесу «Достық үйінде» азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, облыс аумағында Жолдау аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Басқосуда Жолдауда белгіленген стратегиялық міндеттер, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, жастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. Кездесуге өңірдегі қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Басқосу барысында сөз алған ҚР Құрылтайының депутаты, ғалым Дихан Қамзабекұлы Жолдаудың басым бағыттары тоқталды.
Одан кейін жұмыс тобы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ға барып, оқу ордасының ғылыми қоғамдастығы мен оқытушы-профессорлар құрамымен кездесу өтті. Жиында білім мен ғылымды дамыту, ғылыми әлеуетті арттыру, қоғамдық келісім, аграрлық секторды жаңғырту және су ресурстарын тиімді пайдалану бағыттары сөз болды. Одан кейін жұмысшы топ өкілдері шаһардағы «Ұлы Дала елі» орталығында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы басымдықтар түсіндіріліп, жастардың ел дамуына қосар үлесі, азаматтық жауапкершілік, ұлттық бірлік, ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланады. Студенттер жиын барысында өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ 600 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ҚАТЫСТЫ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР СОТТАЛДЫ

Aspan info

«Көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды»: Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта оқыс оқиғаға тап болды

Қанша оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі

Пікір қалдырыңыз