aspan

ЕРЛАН САИРОВ: «ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ ТЕГІН ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ»

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Конституцияда бекітілген білім беру саласындағы негізгі кепілдіктерге тоқталды.
Депутаттың айтуынша, Конституцияда орта білімнің міндетті екені және мемлекеттің оған толық кепілдік беретіні нақты жазылған. Сонымен қатар Қазақстан жастарының тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
«Мұндай құқық әлемнің көптеген мемлекеттерінде жоқ. Бұл – еліміздің жастарға деген ерекше көзқарасының көрінісі. Қазақстанды тәуелсіз, ықпалды әрі экономикалық тұрғыдан қуатты мемлекет ретінде келесі ұрпаққа табыстаудағы ең басты міндеттің бірі», – деді депутат.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 20-дан астам жүргізуші тіркелді

Aspan info

ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ДЕПУТАТ МҰРАТ ӘБЕНОВ ЗАҢСЫЗ НЕКЕ ҚИЯТЫН ИМАМДАРДЫ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫ ҰСЫНДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз