aspan Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Саясат Спорт Түркістан

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында 4-6 қазан күндері 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан Түркістан облысының чемпионаты өтті.

Облыстық біріншілікке өңірдің аудан-қалаларынан іріктелген 15 команда қатысып, 180-ге жуық жас спортшы жеңіс жолында бақ сынады. Жарыс барысында жас волейболшылар шеберліктерін саралап, командалық ойын мен спорттық бәсекеде өзара мықтыларын анықтады.
Түркістан облысының волейболдан аға жаттықтырушысы Иса Раймхановтың айтуынша, соңғы жылдары өңірде волейбол спортының даму қарқыны артып, командалардың ойын деңгейі айтарлықтай өскен.
– Бүгінде облыстағы командалардың барлығы дерлік жақсы дайындықпен келіп жүр. Бұған дейін жүлдеге таласатын төрт команда болса, қазір бас жүлдеге үміткерлер қатары көбейді. Бұл – волейболдың өңірде қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Чемпионаттағы ойындардың тартысты өтуі де командалар арасындағы бәсекелестіктің жоғары екенін көрсетті, – деді Иса Раймханов.
Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша Сайрам ауданының құрамасы чемпион атанды. Кабулжан Эгамбердиев баптайтын команда жарыс барысында барлық қарсыласынан басым түсіп, облыс біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды.
Ал Кентау қаласының командасы күміс жүлдеге ие болса, Сарыағаш ауданының волейболшылары үздік үштікті түйіндеді. Арыс қаласының командасы төртінші орынға тұрақтады.
Облыстық чемпионатта үздік нәтиже көрсеткен жас спортшылар алдағы жауапты додада өңір намысын қорғайды. Олар 25 қазан мен 2 қараша аралығында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.
Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегер командалар арнайы тағайындалған медаль, кубок және алғыс хаттармен марапатталды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗЫБЕК ИСА БАТЫЛ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ: ПАРЛАМЕНТТЕ МЕНЕН АРТЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҮШІН КҮРЕСКЕН ЕШКІМ ЖОҚ

Aspan info

Қай өңірде ең көп некелесу тіркелген

8 түркиялық компания Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция салмақ

Пікір қалдырыңыз