Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар уақыт белдеулерін өзгерткеннен кейін eGov жүйесінде қартаяды

Сағат ауыстырылғаннан кейін таңертең кейбір қазақстандықтар қызықты өзгерістерге тап болды — электронды құжаттарындағы туған күні өзгерді, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі.

Банктердің бірінің «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі, сондай-ақ eGov.kz сайтындағы өтінішінде қазақстандықтар бір күнге «қартайғанын» — туған күні өзгергенін анықтады.

Бұл Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжытылғаннан кейін келесі күні болды.

Кейбіреулер үшін жеке куәліктерінде, басқалары үшін жүргізуші куәлігінде немесе төлқұжатында туған күні өзгергенін атап өтейік.

Мәселе «Құжаттарды жаңарту» батырмасы арқылы шешіледі. Мұны бірнеше рет жасау қажет болуы мүмкін. Оған қоса, қолданбаңызды жаңартуды ұсынамыз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ұлыбритания Қытайға санкция енгізбек

ШАРДАРАДА ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНДІРУГЕ АТСАЛЫСПАҚ

«Біз кетпейміз» Байденнің Путинге қарапайым хабары бар

Пікір қалдырыңыз