Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында су қоймасының бөгеті жарылды

Алматы облысында бөгет жарылды, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлағандай, Алматы облысының Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті жарылды.

«Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойынша өтеді, одан әрі барлық шлюздер ашық тоғандарға құйылады. Су транзиттік режимде ағызылады. Халықты құлақтандыру жүргізілуде. Елді мекендерді су басу қаупін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оқиға орнында ТЖД бастығы мен жеке құрамы, облыс әкімі тұр «, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Щербаков бөгетінің шлюзі жарылып, 29 наурыз, жұма күні сағат 21: 40-та бөгет жарылған болатын. Осыған байланысты жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары шұғыл түрде эвакуацияланды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тұман мен бұрқасын: Астанада және бірқатар облыстарда дауылды ескерту жарияланды

Instagram желісіндегі ашулы жазбасы үшін қазақстандық әйелге 664 мың теңге айыппұл салынды

Қыстан кейін сапасыз жөнделген жолдар «қалқып шығады» — Астана әкімі

Пікір қалдырыңыз