Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев Болгария Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президенті Румен Радевті республиканың ұлттық мерекесі — Азаттық күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні Болгария Еуропалық Одақтың белсенді мүшесі ретінде орнықты даму мен елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыру жолында айтарлықтай жетістіктерге жетті.Сіздің басшылығыңызбен Болгария өзінің биік мақсаттарына жетуін тілеймін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық көкжиектерін тұрақты түрде кеңейту», — делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

Тоқаев бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Болгария арасындағы көп қырлы қарым-қатынастар одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Болгария Президентіне жауапты қызметінде табыс, ал достас болгар халқына гүлдену мен амандық тіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Төлеби ауданы Пробация қызметі есебінде тұрған аз қамтымасыз етілген 5 отбасыға демеушілер есебінен көмек берілді

ТҮРКІСТАНДА АБАЙТАНУШЫ МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ

Aspan info

Алматыдағы жер сілкінісі: тұрғын үй нарығы қалай әрекет етті

Пікір қалдырыңыз