aspan Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Бизнес Қоғам Саясат Технология Түркістан

БИЫЛ ҚАЗАҚСТАНДА 1,6 МЫҢҒА ДЕЙІН АУЫЛДЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

Биыл интернетке 370 ауыл қосылды.

Тартылған байланыс желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 12 мың шақырымға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
«Ауылдық жерлерде биылғы жоспар бойынша 1,6 мың ауылдың 370-і байланысқа қосылды, жалпы ұзындығы 11 819 шақырым байланыс желісі тартылды. 2027 жылы облыстық және республикалық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды байланыспен қамту жоспарланған. Бұл үшін 500-ден астам антенна-мачталық құрылым орнату көзделген» — деді Жаслан Мәдиев.
Сонымен қатар 20-дан астам қалада 5G желісінің 4 мыңнан астам базалық стансасы орнатылды. Beeline және Starlink Mobile компанияларымен бірлесіп, Direct-to-Cell технологиясы іске қосылды. Ол спутник пен смартфон арасындағы тікелей байланыс арқылы елдің кез келген нүктесінде хабарлама жіберуге және интернеттің базалық қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді
«50 теміржол бағыты бойынша жүретін 124 пойыздың 1 500 вагоны интернетпен қамтылды. 7 ұшақ пен 50 туристік нысанды интернетке қосу жұмыстары жалғасуда. Жалпы ұзындығы 4 511 шақырым болатын “Батыс – Шығыс” гипермагистралінің жартысы тартылды»,— деді вице-премьер.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦИЯ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАҢ ТУРАЛЫ МУЛЬТФИЛЬМ ҰСЫНДЫ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Aspan info

Жергілікті атқарушы органдардың жұмылуы заң жобаларын әзірлеудегі ашықтықты қамтамасыз етеді

Пікір қалдырыңыз