aspan

30 ТАМЫЗ МЕРЕКЕ МӘРТЕБЕСІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ

Мәжіліс кулуарында журналистер Сәрсембаевтан егер 15 наурызда қазақстандықтар жаңа Конституция жобасын қолдаса, 30 тамыз мереке болып қала бере ме деп сұрады.

“Өте жақсы сұрақ, бұл маған да қызық. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жаңа Конституция жобасын оқыдыңыздар ма? Егер оқысаңыздар, онда 94-бап дәл осы мәселеге арналған. «Онда жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып жарияланады» делінген. Демек, егер халық дауыс беріп, Конституцияның жаңа жобасын қолдаса, онда 15 наурыз Конституция күні болып есептеледі. Ал 30 тамыз бұл мәртебесінен айырылады”, – деді Сәрсембаев. Алайда Сәрсембаев мұның бәрі референдумның қорытындысына байланысты екенін айтты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау емтихандарына тыйым салынады

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚИНАҒАН

Aspan info

ПАВЛОДАРДА БІР ТОП АДАМ ТУДЫ ӨРТЕП, ЕЛТАҢБАНЫ БӨЛШЕКТЕГЕН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз