aspan

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданында 2026 жылы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде аудан аумағы 19 500 гектарды құрап, мұнда 331 мыңнан астам халық тұрады. Ауданда 19 елді мекен, 896 көше, 32 мыңнан астам жеке тұрғын үй, 668 көпқабатты тұрғын үй және 223 әлеуметтік нысан орналасқан.
Биылғы негізгі басымдықтардың бірі – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және ауданның инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту. Осы бағытта жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Қазіргі таңда ауданның инфрақұрылымдық жүйелермен қамтылу деңгейі жоғары. Атап айтқанда, ауыз сумен қамту көрсеткіші – 99 пайыз, электр жарығы – 99 пайыз, ал табиғи газбен қамту деңгейі 98 пайызды құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштерді толықтай 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы үш елді мекеннің жаңақұрылыс аумақтарын мемлекеттік ауыз су жүйесіне қосу жұмыстары қолға алынған. Атап айтқанда, «Таскен», «Сайрам» тұрғын алаптары мен «Гидрогеолог» шағынауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде. Сонымен қатар, аудан аумағындағы ескі су құбырларын жаңарту және қайта жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТАРАЗДА ӨЗ БАЛАСЫН ҰРЫП-СОҒЫП, СОНЫ ВИДЕОҒА ТҮСІРГЕН ӘЙЕЛГЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Aspan info

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Aspan info

Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 «А» сынып оқушыларына «Әдебиеттік оқу» пәнінен ашық сабақ өткізілді.

Пікір қалдырыңыз