aspan

ПАРЛАМЕНТ БІР СӘТТЕ БІРНЕШЕ ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

🔶 Президент туралы заң жобасы президент мәртебесін, қызметке кірісу тәртібін, өкілеттік мерзімін және президент лауазымына байланысты шектеулерді реттейді. Құжатқа вице-президент лауазымы енгізілді;

🔶 Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі. Жоба мәтініне сәйкес, Құрылтай «заң шығарушы билікті жүзеге асыратын жоғары өкілді орган» ретінде анықталады. Онда 145 депутат бес жылға сайланады;

🔶 Халық Кеңесі туралы. Ол ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар дайындайды. Құрылтайға заң жобасын енгізіп, республикалық референдум өткізу бастамасын көтереді. Мемлекет пен қоғам арасында байланысты қамтамасыз етеді;

🔶 Астана қаласының мәртебесі қала аймағын дамыту мәселелерін реттейді. Экология мен орман-тоғай белдеуіне бақылауды күшейтіп, жол қозғалысын басқарудың заманауи жүйесін енгізеді. Сонымен қатар елорда әкімдігі мен мәслихатының өкілеттіктері кеңейтіледі;

🔶 Әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы. Құжатта елді мекендердің санаттары бекітіледі. Қалалар қалалық елді мекендерге, ал ауылдар мен кенттер ауылдық елді мекендерге жатқызылады;

🔶 Сайлау туралы құжат әкімдер сайлауында қайта дауыс беру мәселесін реттейді. Үміткер жинаған дауыстар тең болған жағдайда, бір ай ішінде қайта сайлау өтеді. Кандидаттарды ұсыну тәртібі де нақтыланады. Мәселен, бір адам бір уақытта мәслихат депутаты және әкімдікке үміткер бола алмайды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИРАДА АЮПОВА: ҚАЗАҚСТАН МЕН ТАТАРСТАН – ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК СИНТЕЗІНІҢ ҮЛГІСІ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Aspan info

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКПАР СОҢЫ ТӨБЕЛЕСКЕ ҰЛАСТЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз