aspan

ШЫМКЕНТТЕ ЕР АДАМ АВТОБУСТА ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДЫҢ ДЕНЕСІНЕ ҚОЛ ЖҮГІРТКЕН

Оқиға туралы жасөспірім қыздың анасы мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, 15 жастағы қызы таңертең №52 автобуспен мектепке бара жатқан.

“Автобуста адам көп болған. Осыны пайдаланып, шамамен 40 жастағы бір ер адам қызыма жабысып, қолын белдемшесінің астына салған. Қызым қорқыныштан бір сәтке қатып қалып, сосын бұрылып қараған, ал ер адам оның көзіне тіке қарап тұрыпты. Содан кейін қызым оны телефонына түсіре бастаған, осы кезде ер адам қолын алып тастапты. Ер адам келесі аялдамада түсіп қалған”, – деп жазды Theards қолданушысы.
Әйел полицияға арызданды.

Абай аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Автобустың салонындағы бейнебақылау жазбалары алынған. Полиция күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІРҚАТАР ШУЛЫ ІСТЕРДЕН КЕЙІН ШЫМКЕНТКЕ ЖАҢА ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫ КЕЛДІ

Aspan info

1 ШІЛДЕДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ КҮШІНЕ ЕНЕДІ

Aspan info

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз