aspan

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕР АДАМ САУ ӘЙЕЛІНІҢ АЯҚ-ҚОЛЫН МАТАП ЖЫНДЫХАНАҒА ЖАТҚЫЗҒАН

Түркістан облысында ер адам сау әйелінің аяқ-қолын матап жындыханаға жатқызған.
18 жыл отасқан әйелін психикалық диспансерге қинап алып барған Ділмұрад Ибрагимов 9 жылға сотталды. Ал оған көмектескен достары 8 жылға сотталды.
Екі жыл бұрын үйде болған жанжалдан соң ер адам жарын осылай жазаламақ болған.
Келіншек енді орталық дәрігерлерін сотқа беремін деп отыр.
«Мен дәріні ішпеймін деп бас тартқан кезде мәжбүрледі. Содан мен ішкен сияқты болып, дәріні тығып қалып, содан аман қалдым. Егер дәріні ішкенде, ол жерден шықпас едім ”, — деді жәбірленуші Диара Ибрагимова.
Екеуінің 4 баласы бар. Сот жәбірленушіге моральдық өтем ретінде 11 млн теңге төлеуді міндеттеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТУЕТ ЧЕРЕДА НОВОГОДНИХ ПРАЗДНИЧНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ

ҚАЗАҚСТАНДА 31 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПОТЕКА ПАЙЫЗЫН ТӨЛЕУГЕ ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ

Aspan info

БИЫЛ ОБЛЫСҚА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 543,5 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫНА ЖЕТТІ

Пікір қалдырыңыз