aspan

 НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Салли Аксуорси іс-сапармен келді. Мәртебелі мейманмен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кездесіп, әріптестік орнату бағытында келіссөз жүргізді. Елшіге Түркістан өңірінің туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.
Түркі елдерінің рухани астанасы – Түркістан қаласына қош келдіңіз. Ұлыбритания – еліміздің индустрия, энергетика, қаржы, білім, жасыл технологиялар және инновациялар салаларындағы маңызды стратегиялық серіктесі. Ұлыбританиялық «Shell» компаниясы – Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларына қатысатын ірі халықаралық консорциумдардың мүшесі. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан жылға артып келеді. 2024 жылдың қорытындысымен Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 886 млн АҚШ долларын құрады.
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Салли Аксуорси қазақ тілінде пікір алмасып, әріптестікті нығайтуға дайын екенін жеткізді. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін және көрікті орындарды көрдім. Өте жақсы әсер сыйлады.
Сондай-ақ, сауда және экономикалық байланыстарды жандандыру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру жоспарлануда.Инвесторларға жасалатын мүмкіндіктерді тиісті өкілдерге жеткіземіз, – деген елші Ұлыбританияға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау мәселесі де назарда тұрғанын жеткізді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ТАТУЛЫҚ ПЕН ДОСТЫҚ – ЕҢ ҚҰНДЫ ҚАЗЫНА

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ИТАЛИЯДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ БЮСТІ АШЫЛДЫ

Пікір қалдырыңыз