aspan

АИДА БАЛАЕВА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аида Балаева Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 1 желтоқсанда Ақорда жазды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Бұған дейін Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берген болатын.

«Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды»,– делінген хабарламада.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«20 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ КРЕСЛО САТЫП АЛҒАН»

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ШЫРШАЛАР ҚОЙЫЛЫП, АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА МҰЗ АЙДЫНДАРЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ АЛАЯҚТЫҚ, ҰРЛЫҚ ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

Пікір қалдырыңыз