aspan Ақпарат Бизнес Жаңалықтар Қоғам Технология Түркістан Экономика

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 3 МЫҢНАН ГЕКТАРДАН АСТАМ АЛҚАПҚА ЕНГІЗІЛГЕН

Жетісай ауданында жылыжай шаруашылығы жүйелі түрде дамып, заманауи агротехнологиялар кеңінен енгізілуде. Сондай кәсіпкерлердің бірі Жаңаауыл ауылдық округінің тұрғыны Акрам Муратов үй іргесіндегі 15 соттық жерде жылыжай кәсібін дамытып, жылына 25 тоннаға дейін қияр мен қызанақ өнімін алады.

Шаруа 10 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып, өнімдерін Жетісай және Мақтаарал аудандарының сауда орындарына өткізуде. Сонымен қатар, су үнемдеу және өнімділікті арттыру мақсатында тамшылатып суғару технологиясын қолданады.
Кәсіпкердің жұмысымен танысқан аудан әкімі Серік Мамытов жылыжай шаруашылығын дамыту мен озық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бүгінде ауданда 129 азаматқа тиесілі жылыжайлардың жалпы көлемі 23 гектарды құрайды. Оның 3,5 гектары Жаңаауыл ауылдық округінде орналасқан. Өңірдегі 76 шаруа қожалықтың 13,48 гектар жылыжайы көгілдір отынмен, 53 шаруаның 9,54 гектары қатты отынмен жылытылады.
Ауданда ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Ауданда бір жерден екі өнім алу әдісі 1 528 гектарға, тамшылатып суғару технологиясы 3 041 гектар алқапқа енгізілген.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қаржы вице-министріне қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

АЛМАТЫДА ПОЛИЦИЯ МЕФЕДРОННЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫН ТОҚТАТТЫ

Максим Сейтенов

ІШІМДІКТЕН БАС ТАРТҚАН АУЫЛ

Пікір қалдырыңыз