aspan

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Қоғамның тұрақтылығы мен елдің өркендеуі ең алдымен заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына тікелей байланысты. Мемлекет үшін заңдылықты қамтамасыз ету – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, әділдік пен қауіпсіздікті орнатудың басты кепілі болып табылады.
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті қалыптастыру және әділ сот жүйесін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша нақты шаралар қабылдануда.
Заң мен тәртіптің сақталуы – әрбір азаматтың жауапкершілігі мен қоғам алдындағы борышы. Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу – мемлекет пен азаматтардың ортақ міндеті. Осы мақсатта құқық қорғау органдары профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаруда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ МЕН ПАРАЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕЛЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Aspan info

“ПРОФИЛАКТИКА ЖҮЙЕЛІ ӘРІ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУІ ҚАЖЕТ”: ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

Aspan info

ТОҚАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз