aspan

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТІМГЕРШІЛІК РӨЛІ: ЕРЕВАН МЕН БАКУДІҢ ЖАҚЫНДАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

2025 жылғы 21 қазанда Тбилисиде өткен V «Жібек жолы» форумында Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасындағы маңызды уағдаластықтар туралы мәлімдеме жасады. Ол Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің өз елінің аумағы арқылы Армения бағытындағы транзитке қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешімін жоғары бағалады.

«Бұл — аса маңызды мәлімдеме. Мен Әзербайжан Президентіне осы қадамы үшін ризашылығымды білдіремін», — деді Пашинян.

Сонымен қатар, Армения Үкіметінің басшысы бұл келісімге қол жеткізуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-министрінің атқарған маңызды делдалдық рөліне ерекше тоқталып өтті.

«Мен Қазақстан Президентіне және Грузия Премьер-министріне осы келісімді жасауға қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін», — деп атап өтті ол.

Қазақстан бұл ретте өңірлік тұрақтылық пен сенімді диалог орнатудағы беделді бітімгершілік рөлін тағы да дәлелдеді. Елдің сыртқы саясаттағы теңгерімді ұстанымы мен конструктивті бастамалары Оңтүстік Кавказдағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп келеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ПРЕАМБУЛАНЫҢ ЖАҢА РЕДАКЦИЯСЫ ЕРЕКШЕ МАҢЫЗҒА ИЕ – СНЕЖАННА ИМАШЕВА

Aspan info

Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

Пікір қалдырыңыз