aspan

ТОҚАЕВ ПӘКІСТАНҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН БАРАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 3–4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram-арнасы жазды.
Сапар аясында Президент Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және ел Президенті Асиф Али Зардариймен келіссөздер жүргізеді. Кездесулерде саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Қазақстан–Пәкістан бизнес форумына қатысуы жоспарланған. Форумда іскерлік байланыстарды күшейту және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылмақ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

2026 ЖЫЛЫ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕ СУ ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАУПІ БАР

Aspan info

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМУЫ ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Пікір қалдырыңыз