aspan

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕРІН ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

2026 жылғы 2 ақпанда, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды.
Президент мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарап, заңды құрметтеу арқылы егемендігімізді және тәуелсіздігімізді қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты.
Мемлекет басшысы отандық журналистер осынау аса маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға толайым табыс пен бақ-береке тіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ ЖӘНЕ «ҚАМҚОР» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

ПАВЕЛ ДУРОВТЫҢ ҮСТІНЕН ТЕРРОРИЗМ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Aspan info

АҚТАУДА БОЙЖЕТКЕНДІ КАФЕДЕ ҰРЫП-СОҒЫП, СҮЙРЕП ШЫҒАРЫП ЖІБЕРГЕН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз