aspan

ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі.
Ата дәстүріміз бен асыл дініміз елдің бірлігін нығайтып, қоғамның берекесін арттыратын игі амалдар жасауға үндейді.
Биыл Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналды. Мұның символдық мәні зор.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!
Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
Ораза айт қабыл болсын!» — деді президент.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА 2025 ЖЫЛЫ 33 ЖАҢА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ САММИТКЕ ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ: АЙМАҚТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕДЕЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз