Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Республика көлемінде бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес, бағдарлама тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды қамтиды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
