aspan Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Мәдениет Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Кентау қаласы Қала күнін кең көлемде атап өтті. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Мерекелік шара аясында қала кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде Кентау қаласы мен өңірде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері, түрлі тағамдар мен кәсіпкерлердің өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.

Сондай-ақ мереке барысында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, қала спортшылары өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қала тұрғындарын қала күнімен құттықтап, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістерге тоқталды.
– Бүгінде Кентау қаласы жаңа даму кезеңіне қадам басып келеді. Қаланың инфрақұрылымын жаңғырту, әлеуметтік нысандар салу, абаттандыру, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мұның барлығы ең алдымен Кентау тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және қаланың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар. Сондықтан қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігіне, оның өркендеуіне үлес қосып жүрген барлық азаматтарға облыс басшылығының атынан алғысымды білдіремін, – деді Ертай Алтаев.
Өз кезегінде қала әкімі Жандос Тасов кентаулықтарды қала күнімен құттықтап, Кентаудың дамуы мен көркеюіне әрбір тұрғынның қосып келе жатқан үлесі ерекше екенін атап өтті.
Мерекелік шара барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан азаматтарға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.
Қала күніне арналған мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік кештің көркін елімізге танымал өнер иелері Калифарния мен Әлішер Қонысбеков, сондай-ақ жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, мерекенің ажарын аша түсті. Танымал әншілердің әуезді әндеріне қала тұрғындары да қосылып, көтеріңкі көңіл-күймен бірге ән шырқап, мерекелік кештің ерекше атмосферасын бөлісті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДОНАЛЬД ТРАМП ПРИГЛАСИЛ КАЗАХСТАН И КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В СОВЕТ МИРА ПО ГАЗЕ (НЕКОТОРЫЕ СМИ НАЗЫВАЮТ ЭТО АЛЬТЕРНАТИВОЙ ООН)

Aspan info

ТҮРКІСТАН: АИДА БАЛАЕВА «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН МУЗЕЙ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Aspan info

ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» АТАНҒАН ЖУАНТӨБЕДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз