aspan

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Шымкентте көлік қозғалысын оңтайландыру және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар кептелістерді азайтуға және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

– Атап айтқанда, бүгінде Бәйдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрықтағы бағыттар өзгерді. Бәйдібек би және Арғынбеков көшелері арқылы айналмалы жолға қосылатын автокөліктер 2 жолақтан да өтуге мүмкіншілік қарастырылып, жол таңбалары сызылды.

– Назарбаев пен Шаяхметов көшелерінің қиылысында жол қозғалысы бағыттарына өзгерістер енгізілді. Яғни, Шаяхметов көшесі арқылы Назарбаев даңғылына екі жолақтан оңға бұрылуға мүмкіншілік жасалып, жол белгісі орнатылды.

 

– Арғынбеков – Назарбеков көшелерін жалғайтын «Рахима плаза» сауда үйі маңындағы көшемен екі бағытты көлік қозғалысы ұйымдастырылды.

– Бәйтереков көшесінен Н.Назарбаев даңғылына солға бұрылуға қосымша секция орнатылды.

– Шаяхметов көшесіндегі кептелісті азайту мақсатында Шаяхметов-Арғынбеков көшелерінің қиылысында қосымша секция орнату жоспарлануда. Шаяхметов көшесіне келе жатқан кезде сол жаққа бұрылуға арналған қосымша секция кептелістерді азайтуға және қозғалысты оңтайландыруға көмектеседі.

 

Қала көшелеріндегі көлік ағынын реттеу, қозғалысты оңтайландыру және қауіпсіздікті арттыру бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ IT-КӘСІПКЕРЛЕР ЕРЗАТ ДУЛАТ ПЕН МҰРАТ ӘБДІРАХМАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ӨТКЕН АПТАДА ТІРКЕЛГЕН РЕСМИ ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУЛАРҒА ШОЛУ

Aspan info

ИНФРАСТРУКТУРА И ИНДУСТРИАЛЬНЫЕ ЗОНЫ: НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ИНВЕСТОРОВ

Пікір қалдырыңыз