aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысы тұрғындарымен тікелей байланыс орнатып, елді мекендердегі өзекті мәселелерді анықтау және олардың шешілуіне ықпал ету жұмыстары жалғасуда.

Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Кездесу барысында тұрғындар елді мекендердегі өзекті мәселелерді көтеріп, инфрақұрылымды жақсарту, жол жөндеу, ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыру және жер телімдерін бөлу жөнінде өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар кәсіпкерлік, спорт және тұрғын үй саласына қатысты мәселелер қозғалды.
Облыс әкімі әрбір өтініштің маңыздылығын атап өтіп, жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеуді тапсырды. Тұрғындардың талап-тілектерін заң аясында қарап, шешу жолдары бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді міндеттеді. Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан тазалық жағынан Намбия, Габон және Зимбабведен қалып қойды – сенатор

Синоптиктер Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасады

2025 ЖЫЛДЫ МОЛ ТАБЫСПЕН АЯҚТАДЫҚ — ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз