aspan

ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты салтанатты түрде ашылды. Төрт күнге созылатын жарысқа еліміздің 18 өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысып, медальдар мен ұлттық құрама сапына жолдама үшін бақ сынауда.
Жарыс қорытындысы бойынша мамыр айында Бішкек қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрама анықталады. Байрақты бәсекеге 14 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда.
Қазақстан Республикасының ұлттық гимнастика федерациясының президенті Алия Юсупованың айтуынша, бұл турнир жасөспірімдер құрамасы үшін аса маңызды. Қазіргі таңда негізгі назар 2011 жылы туған гимнастшыларға аударылып отыр.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биылғы чемпионаттағы бәсекелестік деңгейі жоғары. Жарыстың Шымкентте өтуі қаладағы мамандандырылған көркем гимнастика мектебінің мүмкіндіктеріне байланысты таңдалған.
Чемпионат жеңімпаздары көпсайыс қорытындысы бойынша анықталып, ұлттық құрама тізімі жарияланады. Жарыс 25 сәуірге дейін жалғасады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Казахстане снижается уровень подростковой преступности

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ BOEING КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ ДЖЕФФ ШОККИДІ ҚАБЫЛДАДЫ.

Aspan info

КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз