aspan

ШЫМКЕНТ: ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН АЗИЯ КУБОГЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

🔷 Бүгін «Металлург» спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан Жақсығұл Мерген атындағы Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Үш күнге созылған тартысты бәсекенің жеңімпаздарын Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков марапаттады.

🔷 Пута стилі бойынша ерлер сайысында қаламыздың мергені Әбдікаримов Мақсат қола жүлдеге ие болды.🔷 Айта кетейік, биылғы Азия кубогында 150-ге жуық садақшы шеберлігін сынады. Қазақстан ұлттық құрамасы мен еліміздің 20 өңірінен келген спортшылардан бөлек, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Үндістан, Түрікменстан және Малайзия елдерінің үздік мергендері жарыс жолына шықты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА ҚАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН АЛДАҒЫ ҚЫСҚЫ МАУСЫМ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

Жұмысшы мамандықтар жылы: Кәсіпкерлер палатасы мен бизнес ынтымақтастықты арттыруға әзір

В ШЫМКЕНТЕ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ПРЕВРАТИЛСЯ В НАРОДНОЕ ТОРЖЕСТВО

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз