aspan

«ӨРЛЕУ» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ШЫМКЕНТ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАДЫ

🖇️ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов жұмыс сапарымен Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында болып, филиалдың қызметімен, материалдық-техникалық базасымен, цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктерімен және педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған жұмыстармен танысты.

📊 Кездесу барысында филиалдың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері таныстырылды. Биыл 2 885 педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланып, бүгінгі күні жылдық жоспардың 47%-ы орындалған. Сонымен қатар курстан кейінгі әдістемелік сүйемелдеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өңірлік жобалар жүйелі жүзеге асырылып, республикалық және халықаралық деңгейде ғылыми-практикалық іс-шаралар ұйымдастырылған.

🛜 Жұмыс сапары аясында білім беру сапасын арттыру, цифрлық білім беру ортасын дамыту, ғылыми әлеуетті күшейту және жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.

📌 Кездесу қорытындысы бойынша филиал қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды. Атап айтқанда, оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттерін арттыруға, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізудің сапасын жақсартуға, сондай-ақ филиалдың материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен нығайтуға ерекше назар аударылатын болады. Осы міндеттерді іске асыру филиал жұмысының тиімділігін арттыруға, өңірдегі педагогтерге жүйелі қолдау көрсетуге және филиалдың тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АСТАНАДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫ ӘШКЕРЕЛЕДІ

ДОНАЛЬД ТРАМП ПРИГЛАСИЛ КАЗАХСТАН И КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В СОВЕТ МИРА ПО ГАЗЕ (НЕКОТОРЫЕ СМИ НАЗЫВАЮТ ЭТО АЛЬТЕРНАТИВОЙ ООН)

Aspan info

ШЫМКЕНТТІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ЖАҢА ЖОБАЛАР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Aspan info

Пікір қалдырыңыз