Ақпарат Қылмыс

ПОЛИЦЕЙЛЕР СКУТЕР ҰРЛАҒАН КҮДІКТІЛЕРДІ АНЫҚТАДЫ

Шымкент полицейлері қала тұрғынының скутерін ұрлаған күдіктілерді анықтады.Ұрлықты ашуға бейнебақылаудың көмегі болған. Түнде ауладан бөтеннің скутерін алып кетіп бара жатқан үш ер адам камераға түсіп қалған. Екі дөңгелекті көлігінің жоғалғанын таңертең ғана байқаған тұрғын бірден полицияға жүгінген.

Әл-Фараби АПБ-ның жедел уәкілдері бейнекамералардан алынған жазбаларды зерттеп, тез арада іздестіру жұмысына кірісті. Қаскүнемдер жарты күннің ішінде ұсталды. Олар ұрланған скутерді жақын маңдағы ауласына апарып қойғаны белгілі болды. Анықталғандай, күдікті азамат көршісінің мотокөлігін бұрыннан көздеп жүрген екен.Тәртіп сақшылары скутерді заңды иесіне қайтарды. Қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне жедел жұмысы үшін алғыс білдірді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Маңғыстауда алпыс мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Тараз қаласында кафе-барлардың иелеріне кальян үшін айыппұл салынуда

Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды

Пікір қалдырыңыз