Ақпарат

300-ДЕН АСА МОПЕД ПЕН ЭЛЕКТРОСКУТЕР ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

 Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізіп келеді.Осы жолы алдын алу шараларына қарамастан, жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын, көбінесе жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемей, қайғылы жағдайға әкелетін мопед, мотороллер және электроскутер жүргізушілеріне баса назар аударылды.

Облыста жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстары аясында полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзған 300-ден астам мопед пен электроскутер жүргізушісін анықтады. Оның ішінде 16 жасқа толмаған адамның мопедті басқарғаны үшін 13 жасөспірімнің ата-анасы мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Тәртіп сақшылары 18 жастан асқан адамдарға электр мотороллермен және мопедтермен, сондай-ақ жолдың оң жақ шетімен жүруге рұқсат етілгенін еске салады, оларда арнайы бас киім  киген және жүргізуші куәлігі болуы керек.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтіледі

Aspan info

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САЙРАМДА 1000 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Aspan info

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ БОЙЫНША АПТАЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз