aspan

ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ САНЖАР БОҚАЕВ ҰСТАЛДЫ.

Қазақстанда танымал қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура ресми түрде растап, оған қатысты бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Прокуратураның мәліметінше, С. Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде бейнематериалдар жариялады деп айыпталуда. Тергеу нұсқасы бойынша, ол қоғамдық саябақ аймағында ағаштарды заңсыз кесу және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлау деректерін өзі ұйымдастырған. Нақтырақ айтқанда, ол табысы төмен адамдарды жалдап, оларға ақы төлеу арқылы ағаш кесуге және ұрлық жасауға тапсырма берген, содан кейін бұл жағдайды «қоғамдық мәселе» ретінде бейнежазбаға түсірген.

Бұдан бөлек, Санжар Боқаев алаяқтық жолмен аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін белсенді әлеуметтік желіде видео жариялап, белсенділіктен көңілі қалғанын және АҚШ-қа көшетінін айтқан болатын.

Санжар Боқаев соңғы жылдары автокөліктердің утилизациялық алымына қарсылық білдіруімен және түрлі экологиялық, саяси мәселелерді көтеруімен танымал болған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

№7  ЕМХАНАДА ЖАҢА МҮМКІНДІК: ӨТПЕЛІ ГАЛЕРЕЯ МЕН ТҰЗДЫ ШАХТА АШЫЛДЫ 

Aspan info

Пікір қалдырыңыз