aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ СЕРГЕЙ ЛАВРОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
▪️Президент бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асырудың, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды екенін айтты.
▪️Кездесуде Ресей Президенті Владимир Путиннің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды.
▪️Мемлекет басшысы Астана аталған уақиғаға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді.
– Бұл сапарды биылғы екіжақты күн тәртібінің ең негізгі іс-шарасы ретінде қарастырамыз. Екі елдің одақтастық қатынастарын ілгерілетуде аталған сапар маңызды рөл атқарады деп сенеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
▪️Сергей Лавров Мемлекет басшысына Ресей Президентінің сапарына әзірлік барысы туралы ақпарат берді.
▪️Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты мәселелері үкіметтер мен сыртқы істер министрліктері деңгейінде пысықталып жатқанына тоқталды.
‼️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сергей Лавров халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ БЮДЖЕТІ: ӨЗІНДІК КІРІСТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 56,5 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

Aspan info

CASA, ТМК, БИДАЙ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МИССИЯ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН-АУҒАНСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ МЕН АУҒАН ТАУАРЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

Қазақстанның «ішкіш» адамдар көп тұратын өңірлері белгілі болды

Пікір қалдырыңыз