aspan

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында көп балалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілеріне ие болды. Қырыққа жуық анаға марапатты аудан әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев салтанатты түрде табыстады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығына сәйкес 11 анаға – «Алтын алқа», 27 анаға «Күміс алқа» табыс етілді.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданында 486 ана – «Алтын алқа», 1 827 ана «Күміс алқа» иегері болып отыр.
Жауапты мамандар ұрпақ тәрбиелеп, елдің демографиялық өсіміне зор үлес қосып жүрген аналарға ізгі тілектерін арнады, асыл жандардың әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 39 мыңнан астам көп балалы ана тұрады. Төрт мыңға жуық ана «Алтын алқа» иегері болса, 12 мыңға жуық ана «Күміс алқа» тағынған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ МЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

АКИМ ШЫМКЕНТА ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕДПРИНИМАТЕЛЯМИ

10 АҚПАН КҮНІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз