aspan

ҰҚК ШҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ҰСТАЛҒАНЫН РАСТАДЫ

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жақсылық Омардың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Облыс әкімдігі лауазымды тұлға денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысын алғанын айтқан еді.
Жақсылық Омар 2025 жылдың қараша айының соңында Өскемен қаласының әкімі қызметінен кеткен. Кейін ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ОҚУШЫ МЕКТЕПТЕ БАЛТА АЛА ЖҮГІРГЕН

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «ӘКІМ – ЕҢ АЛДЫМЕН, ХАЛЫҚПЕН ТІКЕЛЕЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ»

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз