aspan

БІРЫҢҒАЙ QR АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ЖҮЙЕСІ 19 ШІЛДЕДЕ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Қазақстанда банкаралық төлемдерге арналған бірыңғай QR-код жүйесі 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Оның айтуынша, ертеңнен бастап аталған жүйенің жұмыс істеуіне қатысты заңнамалық нормалар күшіне енеді. Жаңа талаптарға сәйкес, екінші деңгейлі банктер бірыңғай QR жүйесіне қатысуға міндетті болады.
Жобаның негізгі мақсаты – әртүрлі банктердің клиенттеріне ортақ QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік беру. Бұл азаматтар мен кәсіпкерлер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жеңілдетіп, төлем инфрақұрылымының қолжетімділігін арттырады.
Айта кетейік, бірыңғай QR жүйесін енгізудің заңнамалық негізі 2025 жылдың қараша айында қабылданған болатын. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін пайдаланушылар әртүрлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы бір QR-кодты сканерлеп, төлем жасай алады деп күтілуде.
Мамандардың пікірінше, бұл бастама төлем нарығындағы бәсекелестікті арттырып, қаржылық қызметтердің тиімділігі мен ыңғайлылығын жақсартуға ықпал етеді

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Полиция жалған нотариустың алаяқтық әрекетін әшкереледі

ШЫМКЕНТ: аппарат басшысы тағайындалды

«Ел ертеңі – білімді ұрпақ»

Пікір қалдырыңыз