aspan

ҚАЗАҚСТАНДА ТЕХПАСПОРТ ЖОЙЫЛДЫ: ҮЙ ИЕЛЕРІНЕ НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Әлеуметтік желіде тараған үйдің техникалық паспорты міндетті түрде ауыстырылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Әділет министрлігі техпаспорттың орнына кадастрлық паспорт енгізілгенін, бірақ тұрғындарға жаппай құжат жаңарту қажет емес екенін хабарлады.
Министрліктің тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, заңнамада енді «техникалық паспорт» деген ұғым қолданылмайды. Бұл мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңға енгізілген өзгерістерге байланысты.
“Енді техникалық паспорттың орнына жылжымайтын мүлік нысанының кадастрлық паспорты қолданылады. Құжатта нысанның техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары, сондай-ақ жер телімі туралы мәліметтер көрсетіледі”, – делінген министрлік жауабында.
Сонымен қатар министрлік барлық меншік иелеріне құжаттарды жаппай немесе міндетті түрде ауыстыру талап етілмейтінін атап өтті.
Кадастрлық паспорт қашан рәсімделеді?
Кадастрлық паспорт мына жағдайларда рәсімделеді:
егер жылжымайтын мүліктің техникалық немесе сәйкестендіру сипаттамалары өзгерсе (мысалы, қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау кезінде);
меншік иесі деректерді нақтылау немесе жаңарту үшін өз еркімен рәсімдей алады;
егер үйдің нақты сипаттамалары құжаттағы мәліметтерге сәйкес келмесе, меншік иесі мемлекеттік техникалық тексеріс жүргізуге өтініш бере алады. Тексеріс нәтижесі бойынша өзгерістер енгізілген кадастрлық паспорт беріледі.
Министрлік меншік иесі ауысқанда кадастрлық паспортты қайта рәсімдеу қажет емес екенін түсіндірді. Себебі бұл құжат нысанның техникалық сипаттамаларын көрсетеді және заңды күшін сақтайды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ: ҚЫЗЫЛОРДА ШАҺАРЫНЫҢ ТАРИХИ МӘН- МАҢЫЗЫ АЙРЫҚША.

Aspan info

Мемлекетке келтірілген залалды өтеу – прокуратура органдары жұмысының негізгі басымдықтарының бірі

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «ЖЕДЕЛ ДАМУ ЖОЛЫНА ТҮСКЕН АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ ЖОБАСЫ БОЛУҒА ТИІС»

Aspan info

Пікір қалдырыңыз