aspan

«АЛТЫН ОРДА» ДАУЫ

Базардың бұрынғы иесі Айдарбек Құсайынов «Алтын Ордаға» қатысты дауды қайта көтерді.
Ол Нұрбол Назарбаев үстінен сотқа талап арыз беріп, 15,1 млрд теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр. Талап «негізсіз баю» бабы бойынша берілген.
Сот ісі аяқталғанға дейін Назарбаевтың есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынды. Құсайыновтың айтуынша, ол кезінде базардағы үлесін төмен бағамен сатуға мәжбүр болған, енді сол кезеңде айырылған табысын өндіріп алуды көздейді.
Айта кетейік, бұған дейін Құсайыновтың осыған ұқсас талаптары сотта дәлелсіз деп танылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰРПАҚҚА МҰРА

БИНҰР ЖАЛЕНОВ ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Aspan info

Концерттегі кептеліс, астыртын казино және өндірістегі қайғылы оқиғалар: Шымкенттегі оқыс оқиғалар шежіресі

Aspan info

Пікір қалдырыңыз